Алматыда қалың қар жауады деп күтілуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтарға қалың қар жауатыны ескертілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Қазгидрометтің болжауынша, ақпанның 3-інен 4-іне қараған түні қар көп түседі. Түнде және таңертең жолдарда қар тазалайтын техникалар жұмыс істейді, осыған байланысты жол қозғалысында қиыншылықтар туындауы мүмкін», - делінген хабарламада.

Қала әкімдігі тұрғындардан коммуналдық қызметтің жұмысына түсіністікпен қарап жеке көліктерін жол шеттеріне қойып кетпеулерін сұрайды.

Соңғы жаңалықтар