Алматыда қала жолдарындағы көктайғақты болдырмау үшін 300 тонна қоспа себілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауа температурасының 0,- 2º төмендеуіне байланысты, қаланың орталық және солтүстік бөлігіне, сонымен қатар, таулы және тау шатқалындағы аудандарында түнгі 26 қазан күні 1-ден бастап, көшелерде тайғаққа қарсы материалдар себілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың хабарлауынша, қар тазалауға және мұз қатуын болдырмауға 127 техника мен 300 тонна көктайғаққа қарсы қоспа пайдаланылған. Басқармадағылардың айтуынша, Алматыда жол бетін ретке келтіруге былтырғы қыстан бері инновациялық технология қолданылып келеді.

Бұған дейін аталған ведомство қысқа дайын екенін жеткізген. Қыста қар тазалау жұмыстарымен 15 мердігер мекемелер мен «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық мекемесі айналысады. Қаланың 7 ауданының 60 пайызын тазалау аталған мемлекеттік коммуналдық мекеменің еншісінде. Онда барлығы 967 арнайы техника бар. Жол жұмыстарына барлығы 1600 адам тартылған.

Соңғы жаңалықтар