Алматыда із-түзсіз жоғалған 15 жасар қыз аман табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жамбыл АІІБ із-түзсіз жоғалған 15 жасар Малика Орақбаеваны тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, оқушы қыз 15 сәуір күні жоғалып кеткен болатын. 16 сәуір күні Маликаның анасы Жамбыл ауданының Ішкі істер бөліміне келіп баласының жоғалып кеткені жөнінде шағым түсірген.

Мәлім болғандай, анасы қызын 15 сәуір күні Жамбыл ауданы Қарғалы ауылына бару үшін таксиге салып жіберген. Малика сол ауылда туыстарының үйінде тұрып, білім алады. Алайда, қыз бала ауылға сол бойы жетпеген.

«Полицейлерден басқа оқушы қызды іздеу жұмыстарына оның туыстары, мектеп мұғалімдері жұмылдырылды. Жақын маңдағы ауылдар бірнеше мәрте тексерілді. Негізінен, іздеу жұмыстары Алматыда жүргізілді. Ақырында, ол қаладан табылды. Оқушы қыз әлеуметтік желі арқылы танысқан таныстарының үйінде жасырынып келген болып шықты», - деп хабарлады облыстық полициядан.

Малика Орақбаева бүгінде туыстарының қолына табысталды. Жамбыл ауданының Ювеналды полиция қызметкерлері қыз баланың не себепті үйінен қашып кеткенін тексеріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар