Алматыда ішінде көліктер бар ТҚС түгі қалмай жанып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Шаңырақ-1 шағынауданында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясы түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тілсіз жауды  ауыздықтауға төрт өрт сөндіру машинасы тартылды.

Жалын 30 шаршы метрді шарпыған. Өрт кезінде бір адам зардап шекті. Оны қандай дәрежеде күйік шалғаны белгісіз. Зардап шеккен ауыр жағдайдағы азаматты жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

Өрттің шығу себебін өртке қарсы күрес қызметі анықтайтын болады.

Айта кетер жайт, ТҚС ішінде Mercedes-benz және Лада автомобильдері болған.






Соңғы жаңалықтар