Алматыда ірі жол апаты: 9 адамды жедел жәрдем алып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Toyota Land Cruiser Prado-мен Hyundai Accent-тің соқтығысуынан 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқыс оқиға таңғы сағат 5-6-лар шамасында болған.

Алғашқы мәлімет бойынша Toyota Land Cruiser Prado Қабанбай көшесінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.

Ол Фурманов көшесімен келе жатқан Hyundai-ға қағып өтеді. Соққыдан Hyundai тұрақтағы Газель көлігіне барып соғылады.  Hyundai  көлігіндегі жолаушылардың бірін алып шығу үшін гидравликалық құралдар пайдалануға тура келді.

Жол апатынан барлығы 9 адам жапа шеккен.

Prado көлігінің жүргізушісі өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Жол апатының себептерін жол полициясы анықтап жатыр.

1

2

3

Соңғы жаңалықтар