Алматыда инкассатор көлігі аударылып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан инкассатор көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол оқиғасы Павлодарская көшесінде болған. Инкассатор көлігі Лексустың артынан солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан.

Көлікң қызметкерлерінің айтуынша, бойжеткен тізгіндеген Лексус кенеттен оңға алып барып, сол жаққа шұғыл бұрылмақ болған.

Мұндай қозғалысты күтпеген инкассатор жүргізушісі тежегішті басып үлгермеген.  Жүк көлігі жеңіл көлікті артқы жағынан соғып, инерциямен өзі аударылып қалған.
null 
null 
null 

Болған оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Жол апатынан жапа шеккен инкассаторлар ауруханаға жатудан бас тартты.

Соңғы жаңалықтар