Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай игі шара өтті

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Astana Polo Club» шөген клубы «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап іс-шара өткізді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Astana Polo Club» клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы, Талғар ауданы, «Ақбұлақ» спорттық сауықтыру кешенінде балалар үшін атқа міну және шөген спорты бойынша шеберлік сабақтары, ойын-сауық пен табиғат аясында тамаша демалыс ұйымдастырылды. Дәмді дастарханнан дәм татқан балаларға спорттық киімдер жиынтығы мен естелік сыйлықтар таратылды.

«Нұр» қайырымдылық отбасылық үйі 1998 жылы құрылғалы бері 70-ке жуық баланы тәрбиелейді. Ұядан ұшқан балалардың орнын жас сәбилер басады. Оның өзге балалар үйінен айырмашылығы балалар үйінің тәрбиеленушілері жанұя жылуын сезініп өседі. Алайда «Нұр» отбасылық балалар үйі зейнеткерлер - Әнуарбек Байсарин мен Тұяқ Есқожинаның жеке бастамалары болғандықтан, демеушілердің көмегін қажет етеді.

«Astana Polo Club» клубы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйіне арнап қайырымдылық іс-шаралар өткізіп тұруды дәстүрге айналдырмақ», - дейді «Astana Polo Club» атқарушы директоры Айдын Жакежанов.

Естеріңізге сала кетсек, «Astana Polo Club» командасы 2016 жылы Аргентинаның Лухан қаласында өткен халықаралық турнирден I орынмен оралған болатын. Сондай-ақ, 2017 жылы Аргентинадағы «Santa Catalina Summer Cup» және «Torneo Summer Polo Match» халықаралық турнирлерінде біздің командалар шетелдік шөгеншілерді басып озып, I орыннан көрінді. Биыл өз елімізде өткен «Almaty Snow Polo Cup» халықаралық додада - I орын өзімізге бұйырды.

Айта кететін жайт, бұл күндері «Astana Polo Club» командасы «Munich Gold Cup 2017» (Мюнхен, Германия, 25-28 мамыр аралығы) халықаралық турнирінде Қазақстанның намысын қорғап жатыр.

Соңғы жаңалықтар