Алматыда гранатамен ұсталған жігіт сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда арнайы операция барысында гранатамен ұсталған Дəурен Əлеуханов сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Бостандық ауданы №2 сотының судьясы Жанат Бекжанов сот үкімін оқыды.

«Дәурен Әлеухановтың ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімімен қару, (жарылғыш заттарды сақтау, ұстау, тапсыру, сату, тасымалдау) 346-бабының 1-бөлімі (көлік жүргізуге құқығы жоқ адамның көлікті жүргізуі, арақ, есірткі заттарына мас адамға көлікті тапсыру) бойынша айыбы толық дəлелденді. Екі түрлі заңсыз әрекет үшін оны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім етемін», -деді деді Ж.Бекжанов.

Сонымен қатар судья оны 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарды.

Мұның алдында мемлекеттік айыптаушы жігітті 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Соңғы сөзінде Дәурен Әлеуханов көліктен табылған граната өзінікі еместігін айтты. Алайда ол есірткіге мас болғанын, көлікті құжатсыз жүргізгенін мойнына алды.

Айта кету керек, 2017 жылы 12 қаңтарда 23 жастағы Дəурен Əлеуханов пен оның танысы Марлен Шалабаев 2017 жылы қарашада арнайы операция барысында ұсталған болатын.
Кейін Марлен Шалабаев кінәсі дәлелденбеген соң босатылған еді. Екеуі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болып шыққан.

Ұсталғандардың көліктерін тексеру барысында жарық-дыбыстық автомат, пышақ, сондай-ақ, бронды кеудеше тәркіленген еді. Арнайы операция кезінде зақымдалған Toyota Land Cruiser 100 көлігі де ұсталғандардың біріне тиесілі екендігі анықталды.

Алдыңғы сот отырысында аға лейтенант Айдос Жансерікұлы операция қалай өткенін айтып берді. Белгілі болғандай, полиция көлікті тоқтату үшін 8 рет оқ атып ескерткен.

Соңғы жаңалықтар