Алматыда Герольд Бельгерге арналған мемориалды кабинет ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері, жазушы Герольд Карлович Бельгер атындағы мемориалды кабинет ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null null
Бүгінгі шарада «Плетенье чепухи» кітабының тұсауы кесіліп, «Герольд Бельгер» деректі фильмі көрсетілді.

Арнайы ұйымдастырылған шараға зиялы қауым, жазушылар мен Герольд Бельгердің зайыбы қатысты.

null null  

Герольд Бельгер 1934 жылы қазанда Ресейдің Саратов облысында, Волга бойындағы неміс АССР-інде этникалық неміс отбасында дүниеге келген. 1941 жылы Сталиннің жарлығымен барлық немістермен бірге Солтүстік Қазақстандағы қазақ ауылына жер аударылған. Қазақ тілінде мектепте білім алып шыққан Герольд Бельгер Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы универститет) филология факультетін тәмамдаған.

Саналы ғұмырын әдебиетке арнаған ол 60 кітап пен қазақ, орыс, неміс тілдерінде 2 мыңға жуық еңбек жазған.

Б.Майлин, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов және тағы да басқа қазақ жазушыларының, немістің А.Раймген, Э.Кончак, Н.Ваккер сынды қаламгерлерінің туындыларын аударған.

Герольд Бельгер -  Б.Майлин атындағы сыйлықтың, Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының иегері.

2015 жылы ақпанда дүниеден өткен болатын.

null null  null

Соңғы жаңалықтар