Алматыда ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің дамыған 30 елінің, сонымен қатар ЭЫДҰ-ның құрамына кіру сынды ауқымды міндет жүктеп отыр.  Сондықтан да қазіргі уақытта біз ЭЫДҰ-ның көрсеткіштеріне қол жеткізуге ұмтылудамыз. ЭЫДҰ-ның ұсынымдарын жүзеге асыру үшін арнайы жол картасы әзірленген. Қазіргі уақытта  ЭЫДҰ-ның 32 жұмыс ұйымымен жұмыс істеп жатырмыз. ЭЫДҰ-ның 10 құқықтық құралына қосылып, бүгінде 10 құқықтық құралды әзірлеу бағытында жұмыстар жүргізудеміз», - деді кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова.
null 

Мемлекеттік хатшы ағымдағы жылдан бастап Қазақстанды үшінші жаңғырту басталғанын, ол бірінші кезекте экономиканы дамытуды көздейтіндігін атап өтті.

«Біз экономиканы дамытуды жаңа технологияларды пайдалану, технологиялық прогрестерді дамыту тұрғысынан қарастырамыз. Бүгінгі күні жекешелендіру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілу үстінде. Біздің мақсатымыз  - мемлекеттің экономикаға қатысуын  15 пайызға дейін төмендету», - деді ол.

Сонымен қатар Гүлшара Әбдіқалықова  Қазақстан тарабының Алматыда  ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығын өткізу бастамасына қолдау білдіргені үшін  ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриаға алғысын білдіріп, оны табысты өткізуге тілектес екендігін баса айтты.
null 

Соңғы жаңалықтар