Алматыда Еуразиялық жазғы мектеп өз жұмысын бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO), Еуразия ғылыми-зерттеу институты мен Түркия Премьер-министрі жанындағы Шет елдегі түріктер және туыс халықтар жөніндегі басқармамен бірлесіп ұйымдастырған Еуразиялық жазғы мектеп жұмысын бастады.

TWESCO сайтының хабарлауынша, 19-26 қыркүйек аралығында өтетін Еуразиялық жазғы мектепке Әзербайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Польша және Украинадан 20 магистрант пен докторант қабылданды. Оларға оқу бағдарламасы шеңберінде Түркітілдес елдердің экономикалық интеграциясы, көлік және инфрақұрылым жобалары, энергетика және су қауіпсіздігі мәселелері, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі және аймақтық ынтымақтастықтың болашағы, сондай-ақ Еуразияда қауіпсіздік мәселелері тақырыбында дәрістер оқылады. Атап айтқанда, ізденушілерге Алматы, Түркістан және Астана қалаларында Америка Құрама Штаттары, Әзербайжан, Қазақстан, Ресей мен Түркиядан келген өз саласының сарапшы мамандары түрлі тақырыптар бойынша лекция оқып, пікір алмасады деп жоспарланған.

Мектептің алғашқы дәрісін Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Абзал Сапарбекұлы өткізді. 

Ол Түркі кеңесінің аймақтық интеграция тұрғысынан рөлі, кеңестің тарихи Жібек жолын жаңғыртудағы міндеттері тақырыбын қозғады. Жазғы мектеп бағдарламасы аясында TWESCO ғылыми қызметкері, профессор Бахыт Еженханұлы да екі лекция оқиды.

Айта кету керек, Жазғы мектепті табысты аяқтаған қатысушылар өз саласындағы білімі мен тәжірибесін арттырып қана қоймай, академиялық талдау жасау қабілеттерін де дамытуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, Алматы мен Астанадағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына бағыт беретін іргелі ұйымдарды аралап, жұмысымен танысатын болады. 

твеско  

 

Соңғы жаңалықтар