Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -23 °С
Алматы: -5 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Алматыда Елорданың дамуына үлес қосқандар марапатталады

2017 жылғы 7 желтоқсан 22:15 462
Поделиться:
Алматыда  Елорданың дамуына үлес қосқандар марапатталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы  әкімдігінің бастамасымен Елорданың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан лауреаттарды «Астана - Ардағым мерекелік сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марапаттау шарасы Республика сарайында 10 желтоқсан күні өтеді.

«Астана - Ардағым»  сыйлығымен Алматы қаласының тумалары және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады.

Алматы қаласының  Мәдениет басқармасы хабарлағандай, «Астана - Ардағым» сыйлығы 20 санат бойынша беріледі.

Атап айтқандай, олар - білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер, кинематография, журналистика  және  әдебиет салалары бойынша үлес қосқандардың еңбегі ескеріледі.

«Бүгінгі күні  Алматы қаржы және экономикалық  магнит ретінде еліміздің саяси орталығы - Астананы үйлесімді толықтыруда. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, күшті саяси орталық пен  либералды қаланың келісімі мемлекеттің тұрақты дамуына  ықпал етеді. Мемлекет басшысының «Астананың тағдыры - екі ғасырды артқа тастаған барша қазақстандықтардың  тағдыры. Бұл заманауи мемлекетке  айналған, жаһандық қоғамдастық таныған және құрметтеген, Ұлы жолдан өткен  тәуелсіз Қазақстанның тағдыры» деген сөздері жəне бар», - деп мәлім етті қалалық әкімдіктегілер. 

Номинанттарды іріктеу  конкурстық комиссияның сайтында ашық дауыс беруге болады. Ол 9 желтоқсанда Астана  уақытымен 00:00-де аяқталады.

Еске салсақ, келесі жылы Қазақстан астанасы үшін мерейлі жыл. Алматыда Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар ауқымды мәдени шаралар-концерттер, фестивальдер, көрмелер өткізу  жоспарланған.


Басты сөздер: Алматы, Әкімдік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат