Алматыда екі көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби даңғылында көлік рөліне ие бола алмаған БМВ жүргізушісі жол апатына себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан. 

Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысында БМВ мен Мерседес көліктері соғылып, бір адам зардап шекті.
null

Мерседес жүргізушісінің айтуынша, екі көлікте батысқа қарай келе жатқан. Бір мезетте БМВ жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай бұлғалақтай бастайды. Қатты теңселген көлік әуелі жол ортасындағы темір қоршауға соғылып, кейін екпінімен Мерседесті барып ұрған.
null

Оқиға орнында БМВ жүргізушісі жарақат алып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Полиция жол апатының нақты себебін анықтауға кірісті.

null

Соңғы жаңалықтар