Алматыда егеуқұйрықтарды жою қалай жүргізіліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала билігі егеуқұйрықтарды жою шарасын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғам денсаулығын қорғау департаментінің хабарлауынша, аса қатерлі инфекция тарататын егеуқұйрықтарды улау жылына екі рет - күз және көктем аусымында жүргізіледі.

«Даратизация (улау) қала бойынша 47 мың 330 гектар аумақта жүргізіледі.  Негізінен, егеуқұйрықтар көп болатын өзен жағалары, саяжайлар, скверлер, арық желілері мен қоғамдық көлік аялдамалары, контейнерлер алаңында улау жұмыстары жүреді. Улау жұмыстарын жүргізу үшін 2017 жылы әкімдік тарапынан 86 млн теңге бөлінді», - делінген хабарламада.

Құзырлы мекеменің мәліметіне сүйенсек, улау жұмыстарын қалалық әкімдікпен қатар қаладағы ұйымдар мен мекемелер, базарлар мен сауда орындары, коммуналдық, өндіріс нысандары өз еркімен жүргізіп келеді.

«Алматыда кеміргіштерді улаумен айналысатын 40 фирма тіркелген. Аталған нысандарда өз қаражаттарымен егеуқұйрықтар мен тышқандарды де улап жатқандар бар. Сонымен қатар, біз «Егеуқұйрықтар несімен қауіпті?» тақырыбымен қала дүкендерінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын насихаттайтын акция өткізіп, қаланың жеке секторы тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз», - деді департаменттегілер.

Еске сала кетейік, атжалмандар адам өміріне қауіпті иерсиниоз, листериоз, пастереллез, лептоспироз дерттерін таратады. 

Соңғы жаңалықтар