Алматыда егеуқұйрықтар мен тышқандарға қақпандар құрыла бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоспарлы түрде кемірушілермен күрес жұмыстары басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі жергілікті ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, қаладағы саябақтар мен демалыс бұрыштары, су тоғандарының жағалаулары, аялдамалар мен арық жолдарында кеміргіштерге қарсы жұмыстар жүргізіліп, қақпандар қойыла бастады.

«Алматыдағы дератизация жұмыстарының алғашқы кезеңі 22 сәуірде басталып, мамырдың аяғына дейін жалғасады. Жекеменшік үйлердің тұрғындарына егеуқұйрыққа қарсы арнайы улағыш химикаттар тегін бөлінбек. Кеміргіштермен күрес кампаниясына кәсіпкерлік нысандары қатысады. Профилактикалық жұмыстар сауда орындарында, білім және денсаулық сақтау нысандарында жүргізіледі», деп жазылған хабарламада.

Дератизация жұмыстарының екінші кезеңі күз айларына жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар