Алматыда джип екі адамды қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Өтеген батыр көшесінде  джип екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тойота Прадо көлігі Өтеген батыр көшесімен солтүстікке бағыт алып бара жатқанда жолға екі адам жүгіріп шыққан. Жүргізуші тежегішті басып үлгермей екеуін де қағып кеткен.

Зардап шеккендер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, жүргіншілер мас болған.

Жол апатының жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.

null null 

Соңғы жаңалықтар