Алматыда даяшылар мен қонақтар төбелесіп қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қала мейрамханаларының бірінде даяшылар мен қонақтардың төбелесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 9 наурызда болған және оның видеосы әлеуметтік желілерде таралды. Отырысқа келген қонақтар мен даяшылар өзара сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан. Төбелестен ешкім зардап шекпеген.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір аталған факт байланысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар