Алматыда Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен турнир өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  1-2 сәуір күндері Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде 2000-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен қоғам қайраткері Дәулет Болатұлы Тұрлыхановтың жүлделеріне арналған дәстүрлі XVIII турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Бұл турнирге спортшылар Қазақстанның барлық аймақтарынан, сондай-ақ, Алматы мен Астана қалаларынан қатысады. Атап айтқанда, Дәулет Тұрлыхановтың, Жақсылық Үшкемпіровтің, Болат Тұрлыхановтың, Хаис Аққалиевтың спорт мектептері мен «Жас Кыран» мемлекеттік мекемесі, Қазалы ауданының БЖСМ, «Дәулет-Жәркент» ПСК (Алматы облысы) және өзге спорт ұйымдары өзара мықтыны анықтайды.

Республикалық турнирде палуандар он салмақ дәрежесінде белдеседі. Спорт шарасына республикалық күрес федерациясының вице-президенті Дәулет Тұрлыханов, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа жеңімпазы, Олимпиада чемпионы, беларусь Камандар Мәжитов, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев, Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіров сынды қонақтар қатысады.

Жарыс (UWW) ережелері бойынша өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль мен диплом, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табысталады.

Соңғы жаңалықтар