Алматыда дәстүрлі веложарыс өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Спорттық Алматы» атты дәстүрге айналған кең ауқымды қалалық бағдарламаның аясында веложарыс өтті.

Шараға 500-ден астам адам қатысты. Олардың арасында Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары бар. Олар 11 км қашықтықты жүріп өтті. Дәстүр бойынша жарыс «Нұрлы тау» бизнес орталығынан баcталып, «Мега Орталық» сауда-ойын сауық орталығының маңында мәресіне жетті.

Мәреге жеткенде спорттық шараға қатысушылар үлкен түрлі түстердің шоуы мен «Көшелер лигасы 3х3 / Лига Улиц 3х3» стритболдан өткен қалалық матчтың суперфиналын тамашалады.

Соңғы жаңалықтар