Алматыда бұрылысты шатастырған жүргізуші көпір бағанына соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бұрылысты шатастырып алған жүргізуші өзімен қоса тағы 3 адамның зардап шегуіне себепкер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.


Алматыда Рысқұлов даңғылымен келе жатқан «Мерседес» көлігі Күдерин көшесімен қиылыстағы көпірдің бағанына соғылған.

Болжам бойынша, жүргізуші Рысқұлов даңғылымен келіп, Күдерин көшесіне бұрылмақ болған. Алайда, ол жерде екі бұрылыс бар: бірі көпір астындағы автотұраққа апаратын жол болса, екінші солтүстік айналма жолға апаратын көше. Екі бұрылысты шатастырып алған жүргізуші ортасындағы көпір бағанына соғылған.

Жол-көлік апатынан 4 жолаушы зардап шекті. Оның екеуі қыз. Зардап шеккендерді жедел жәрдем көлігімен ауруханаға алып кетті. Оқиға себебін полиция қызметкерлері анықтауға кірісті. Жүргізушінің ішімдік ішкені туралы әзірге ақпарат жоқ.  
null

Соңғы жаңалықтар