Алматыда Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні аталып өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы және С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің фтизиопульмонология кафедрасының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.       

Конференцияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының» директоры Мәлік Әденов Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожин, USAID миссиясының Орта Азиядағы аймақтық директоры Кристофер Эдвард қатысты.

«Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күнінің негізгі мақсаты - бұл проблеманың абстрактілі емес екендігін және кез келгеніміз бұл жағдайға душар болуымыз мүмкін екендігін қоғамға жеткізу. Сондықтан да бұл акцияның сәтті өтуі әрбір адамның жеке ұстанымына байланысты. Дерттің алдын алуды әрқайсымыз өзімізден, өмір сүру салтымыздан бастауымыз қажет. Яғни,  жыл сайын флюорографиялық тексеруден өтіп тұруымыз абзал. Тек өз қауіпсіздігімізді сақтау үшін емес, сонымен қатар балаларымыз мен жақындарымызды да індеттен қорғау үшін дерттің алдын алу бойынша шаралар қабылдап отыруымыз қажет.  Ал ең маңыздысы - дерттің бірінші белгілері байқалған жағдайда қауіпті індеттің одан әрі асқынып кетпеуіне жол бермеу үшін дереу медицина қызметкерлеріне қаралу қажет», - деді С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожин.

Айта кетейік, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы «EndTB»  стратегиясында 2035 жылы туберкулезден болатын өлім-жітімді 95%-ға дейін және туберкулезге шалдығу жағдайын 90%-ға дейін төмендейтінін жеткізген.        

Соңғы жаңалықтар