Алматыда болған жол апатынан 4 адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда болған жол апатынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Lexus жүргізушісінің сөзінше, ол Алматы маңындағы Рахат ауылына жақын жердегі жол бойымен келе жатқан. Алдыда қауіп тудыратындай ештеңе байқалмаған. Бір мезетте жол бойында қараусыз қалған, үйілген топырақ кезіккен. Көлік иесі бірден тежегішті басқанымен тоқтап үлгере алмай, үйіндіге кіріп кеткен. Соның салдарынан көліктің рөлі солға қарай бұрылып, Lexus қарсы жолаққа шығып кеткен. Ал қарсы бағытта Volkswagen маркілі көлігі келе жатқан. Олар бетпе-бет соқтығысты.

Жол-көлік апатының салдарынан Volkswagen көлігінде отырған барлық 4 адам да зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар