Алматыда BMW төрт адамды жер жастандырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда BMW көлігі 4 адамды жер жастандырды, деп жазады Motor.kz.

ЖКО 22 қыркүйек күні кешке қарай Рысқұлов даңғылы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында болды.

BMW көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағы жоқ жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 3 бойжеткен мен 1 жас жігітті қағып кеткен.

Алған жарақаттар салдарынан 4 жаяу жүргінші де оқиға орнында қаза тапты. Көлік жүргізуші ұсталды.

Соңғы жаңалықтар