Алматыда бірқатар медициналық мекемеге жаңа басшылар келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірқатар медициналық мекемеге жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай,  Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері К.Төсекбаевтің Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасына басшы болып тағайындалуына байланысты, оның орнына Ержан Болатбекұлы Сералин келді.

Қалалық №8, 28-інші емхана жетекшілері қызметінен босатылып, оның орнына №28 клиникалық емханаға Әйгерім Аяғанова, №8 емханаға Фарида Ағыбаева, сондай-ақ №1 қалалық емханаға Сапар Рахменшеев, №4 емханаға Зухра Омарова тағайындалды.

 Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығына Гаухар Көшкімбаева басшы болып келсе, «Құлагер» Бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Ұлмекен Омарова жетекшілік ететін болады. 

Соңғы жаңалықтар