Алматыда барак үй өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алатау ауданында орналасқан барак үй отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт туралы хабарлама таңертеңгі сағат 10:26-да түскен.

Райымбек 305 мекенжайында орналасқан барак типтес үйдің бір бөлмесі өртеніп, тілсіз жау үйдің шатырын алып кеткен.

Каркас-қамыстан жасалған үйде 3 отбасы тұрады екен. Өрт сөндірушілер өртті 13 минутта ауыздықтап үлгерді. Өрттің зардаптары туралы толық ақпарат кейінірек хабарланады.

Соңғы жаңалықтар