Алматыда барахолка жұмысшылары тексеруден өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл сайынғы «Денсаулық жолы» акциясы басталды. Дәрігерлер «Ялян» базарында барахолка жұмысшыларын тексеруден өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірдің өзінде дәрігерлер 100 адамды қабылдады. Олардың ішінде базардағы орын иелері, саудагерлер, жүк тасушылар да бар.

Атап айтқанда, Жетісу ауданындағы №11 емхана қызметкерлері экспресс-зертхана арқылы келушілердің холестерин мен қант деңгейін тексеріп жатыр. Сондай-ақ, флюра аппараты жұмыс жасап тұр. СПИД орталығынан Онкологиялық орталықтан мамандар келді.

«Биылғы акция да 2 айға созылады. Жұмыс орнынан кете алмайтын жұмыскерлерді, базар қызметкерлерін тексеріп жатырмыз. Олардың арасынан денсаулығы нашар адамдарды ары қарай бақылауға алатын боламыз», - деді Алматы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бөлім басшысы Гүлсара Есмағамбетова.

Мамандардың айтуынша, келушілердің арасында міндетті медициналық сақтандыру жайында сауал қойғандар өте көп болған.

«Пациенттер тарапынан сауал көп. Әсіресе, өзінің медициналық әлеуметтік сақтандыру аясындағы статусын білмейтіндерге сол жерде анықтап, түсіндіріп жатырмыз», - деді №11 емхананың профилактика бөлімінің басшысы Сұлтанова Жигагүл.

 

null 

Соңғы жаңалықтар