Алматыда банк күзетшісіне шабуыл жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгісіз екі адам банк күзетшісіне шабуыл жасады, «Сирена» арнайы жоспары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сейсенбі күні, 25 қазанда 08 сағат 10 минутта Алматы ІІД Жедел басқарма орталығына Алмалы ауданындағы «Центркредит» банк бөлімшелерінің бірінің күзетшісіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Белгісіз екі адам оның қаруын тартып алған. Қазіргі уақытта қала бойынша «Сирена» арнайы жоспары жарияланды. Қылмыскерлерді іздеуге және ұстауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар