Алматыда банк ғимаратынан қызметкерлер шұғыл эвакуацияланып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» орналасқан ғимараттан қызметкерлер шұғыл эвакуацияланып жатыр, деп хабардайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиғаға байланысты қазір Абылайхан көшесін полиция қоршап қойды. Қызметкерлер өздері не себепті сыртқа шығарып жатқанын білмейді.

Қалалық ТЖД мен ІІД аталған оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

Айта кету керек, бұл ғимаратта Қалалық Тұрғын үй департаменті, басқа да көптеген заңды тұлғалардың офистері орналасқан.
null

nullnull

Соңғы жаңалықтар