Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында спартакиада өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында ашық спартакиада өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық спорт хабына сілтеме жасай отырып.

Бүгін «Жанұя» мамандырылған кешенінде «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматы қаласының балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында 150-ге жуық адамның қатысуымен ашық спартакиада өтті.

Бұл спартакиада шағын-футбол, арқан тарту, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату және үстел теннисі спорт түрлерінен өткізілді. 

Жарыстарға 18-ден аспаған балалар үйлерінің тәрбиеленуші командалары қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медалдар, сонымен қатар жеңімпаз командаларға кубок және сыйлықтар табысталды.

-Мен бұл іс-шараға өте ризамын. Маған қатты ұнады. Футболдан бірінші орынға ие болдық. Әрине, карсыластарымыз осал емес, бірақ біз жеңдік, - деді №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі Ренат.

Жалпы командалық есеп бойынша №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері бірінші орынды жеңіп алды, екінші орынды «Жанұя», ал үшінші орынға «SOS» командасы жайғасты.

 

Соңғы жаңалықтар