Алматыда ажырасатын отбасылық жұптар көбейген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2017 жылы 7000 жуық отбасы ажырасуға арыз берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 %-ға артық көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылы қаланың АХАТ органдарында 17,2 мың жұптың некесі тіркелсе, олардың 6,7 мыңы ажырасып кеткен. Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген неке саны 3,1%-ға, ажырасу 13,2%-ға артқан», - деді қалалық Статистика департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов.

Департаменттің мәліметі бойынша, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Алматыда 1 млн 801 адам тұратыны анықталды. Халық саны өткен жылғымен салыстырғанда 2,9%-ға артқан.

Соңғы жаңалықтар