Алматыда автобустан құлап қалған жолаушы жүргізушіге кешірім берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобустан құлап қалған жолаушы әйел мен жүргізуші арасындағы дау медиация тәртібімен шешілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған іс Түрксіб аудандық сотының қарауында болатын. Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлімімен айып тағылған еді.

Сот талқылауы кезінде зардап шеккен әйел қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Оның айтуынша, автобус жүргізушісі келтірілген шығынды толық өтеген. Сол себепті тараптар медиация тәртібімен келісімге келді.

Түрксіб аудандық сотының судьясы ҚР ҚК 68-бабының 1-бөлімін негізге ала отырып, жүргізушіні қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Айта кету керек, жол апаты былтыр 8 тамызда болған еді. Автобус жүргізушісі «ВАЗ» аялдамасынан аса бергенде есікті жабуды ұмытып кеткен. Соның кесірінен жүріп бара жатқан автобустан әйел  құлап түскен. Жол апатынан жолаушы орта дәрежелі жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар