Алматыда автобус көлік апатына ұшырап, 1 жолаушы жапа шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол жиегінде тұрған эвакуаторға бағдарлық автобус соғылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік оқиғасы Алтынсарин көшесінде болған. Автобус солтүстікке қарай кетіп бара жатқан. 66 бағдардағы автобус жүргізушісінің айтуынша, аялдамаға сәл қалғанда қоғамдық көлікке арналған жолақта оның алдын белгісіз жеңіл көлік кесіп өткен. Осы сәтте ол эвакуаторға барып соғылған.
null

Автобустың есігі зақымданған. Қоғамдық көлікте 20 шақты жолаушы болған. Бәрі орындықта отырған. Алайда есіктің терезесі шағылып, бір адам жапа шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.

nullnull

Соңғы жаңалықтар