Алматыда автобус ішіндегі жолаушылар жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №63 маршрут автобусы ішіндегі жолаушылар жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиғаны көзімен көрген куәгерлердің айтуынша, Сейфуллин көшесімен солтүстікке бағытталып келе жатқан қоғамдық көліктің алдындағы Mitsubishi Galant көлігі кенеттен тоқтаған.

Таксист жолда қол көтерген жолаушыны алып кетпек болған. Автобус та оның артынан тежегішті күрт басуға мәжбүр болды.

Салдарынан салонда тік тұрған жолаушылар бірінің үстіне бірі құлаған. Түрлі жарақат алған 4 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән жайын полиция анықтауда.

Соңғы жаңалықтар