Алматыда автоәуесқой көлігінің жүксалғышына қару салып жүрген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері заңсыз қару сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ІІД хабарлағандай, Өтеген батыр даңғылында «Боран-120» патрульдік экипажы құжаттарды тексеру үшін «Тойота-Камри-120» көлігін тоқтатады. Жүргізушінің өзімен бірге жүргізуші куәлігі болмаған. Тексеру кезінде қару табылып, оның қаруды сақтауға және қолдануға рұқсат беретін құжаттары жоқ болып шықты. Оқиға орнына криминалистер шақырылды.






1994 жылғы жігіттің Қызылордадан келгені анықталды. Жүргізуші мән-жайды анықтау үшін Әуезов аудандық ІІБ-ге жеткізді.

Соңғы жаңалықтар