Алматыда асыл тұқымды жылқылардың бәйгесі өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Алматы ипподромында асыл тұқымды жылқылар арасында жарыстар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.



Спорт сүйер қауым 1200, 1600 және 2400 метр қашықтықтағы бәйгелерді тамашалады.

Жарыс бағдарламасына келесі жүлделер кірді.

1. «Қазақстандық 2000 Гиней» жүлдесі (I топ) үш жасар жылқы, 1600 м қашықтық
2. «Қазақстандық 1000 Гиней» жүлдесі (I топ) үш жасар бие, 1600 м қашықтық
3. «Қазақстанның бәйге түрлері қоғамы» жүлдесі (II топ) төрт жасар жылқы, 2400 м қашықтық
4. «Жазғы» жүлдесі (II топ) екі жасар жылқы, 1200 м қашықтық
5. «Семиречье» жүлдесі (II топ) екі жасар бие, 1200 м қашықтық
6. «ОКС» жүлдесі (III топ) үш жасар бие, 2000 м қашықтық

Айта кетсек, бәйгелер алдын ала іріктелген асыл тұқымды жылқылар арасында өтті. Жарыстарға шығу тегі ресми түрде расталған және тиісті сәйкестендіру құжаттары (жылқының паспорты), белгіленген үлгідегі медициналық анықтамасы және бір жылға сақтандыру полисі бар жылқылар қатыса алады. Сондай-ақ атшабар мен жаттықтырушылардың біліктілігі туралы тиісті құжаттар болуы тиіс.

Шара ұйымдастырушылары: Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Қазақстандық бәйге түрлері қоғамы» РОО.



Бағдарлама жеңімпаздары:

«Семиречье» жүлдесінің жеңімпазы, Венеция

Қожайыны: КСК «Құлагер-Қырғызстан»

Шабандоз: Азамат Қазақбаев

Бапкер: Мирзат Шугуралиев

 

«Жазғы» жүлдесінің жеңімпазы

Қожайыны: Балауса Жұмаділ (Алматы)

Шабандоз және бапкер: Тұрар Сатаров

 

«Қазақстандық 1000 Гиней Шейла'с Ретерн» жүдесінің жеңімпазы 

Шабандоз: Еділ Құсайынов

Бапкер: Ержан Ақтасов 

Қожайыны: К/х «Нұр Ай» (Алматы)

 

«Қазақстандық 2000 гиней Мэйк Меморис» жүлдесінің жеңімпазы

Шабандоз: Бақтияр Таалайбекуулу 

Бапкер: Бақтияр Таалайбекуулу 

Қожайыны: Әділет Шынайдаров (Алматы)

 

Оксисттер Табита Твитчит кездесуінің жеңімпазы 

Шабандоз: Бақтияр Таалайбекуулу

Бапкер: Бақтияр Таалайбекуулу

Қожайыны: Әділет Шынайдаров (Алматы)

 

«Верный Қазақстандық Бәйге Қауымдастығы» жүлдесінің жеңімпазы 

Шабандоз: Еділ Құсайынов 

Бапкер: Ержан Ақтасов 

Қожайыны: К/х «Нұр Ай» (Алматы)

Соңғы жаңалықтар