Алматыда асфальт опырылып, су таситын көлік қисайып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда асфальт опырылып, су таситын көлік бір бүйіріне қисайып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Асқаров көшесінің бойындағы жол жабындысы жақында ғана төселгені көрініп тұр. Жүргізушінің айтуынша, көлік лезде бір жағына қисая қалған.


«Дөңгелек жарылып қалды ма деп ойладым. Бірақ шығып қарасам, жол опырылып түскен екен», - деді ол.

Қисайып қалған жүк көлігін 2 бульдозер сүйреп шығарды.

Айта кету керек, оқиға орнынан жарты шақырымдай төмен жерде де жаңадан төселген асфальттің шамамен 3 шаршы метр аумағы опырылып түскен.

Тұрғындардың айтуынша, жол жақында ғана жамалған.

Осыдан бірнеше ай бұрын Жангелдин көшесінде де дәл осындай жағдай болып, ондаған көлік шұңқырға түсіп кеткен болатын. Кейін белгілі болғандай, бұл учаскеде қазба жұмыстары жүргізілген екен. Мердігер ұйым топырақты тығыздамай, үстін асфальттай салған.

Толассыз жауыннан топырақ шөгіп, асфальт та опырылып түскен.

Соңғы жаңалықтар