Алматыда аралас жекпе-жектен турнир өткізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуірдің 1-і күні Almaty Arena спорт кешенінде аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 86 турнирі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматының ақпараттық және спорттық ХАБ-ына сілтеме жасап.

Осы кештің ең басты жекпе-жегі 56,7 келі салмақта FN GLOBAL чемпиондық белбеуінің экс-үміткері Жалғас «Жако» Жұмағұлов пен 2017 жылғы басты сенсацияның авторы Тайсон Нэм арасында өтеді.

«Қазақстанға біз әрқашанда жақсы әсермен келеміз. Бүгін ауа райы бізді қуантуда, 1-ші сәуір күні тек далада емес, аренада да өте ыстық болады, - дейді FN GLOBAL президенті Камил Гаджиев. Көпшілік спортты жақсы көреді. Біз осы кеште көптеген көрермендер болады деп үміттенеміз. Ал, осы кештің басты кездесуіне келетін болсақ, мен Тайсон Нэм жеңеді деп ойлаймын».

Ал қазақстандық бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг федерациясының президенті Төлеген Құмаров, Kazakhstan Top Team клубының мүшесі Ержан Естанов пен FN GLOBAL компаниясының продюсері Сангаджи Тарбаев турнирдің басты жекпе-жегі Жалғас Жұмағұловтың жеңісімен аяқталатынына сенім білдірді.

Негізі, Жалғастың қарсыласы өз деңгейіне сай әрі ұйымның рейтингісіне байланысты тандалған. Ол жекпе-жек әрі қарай алдағы уақытта чемпиондық кездесулер өткізуге ықпал жасайды.

Ол екі жұп осымен сәуірдің 1-і күні өз мансаптарында үшінші рет кездесіп, осы жолы джиу-джитсу ережесі бойынша сынға түспек.

Айта кетер жайт, бұл кеште жалпы саны 13 кездесу өткізіледі деп жоспарлануда. Оның бесеуі джиу-джитсу және грепплинг ерержесіне сәйкес болмақ. Бұл іс-шара Kazakhstan Top Team клубының бразилиялық джиу-джитсу және грепплингтан Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы академиясында Ержан Естанов, Расул Мирзаев және ұйымдастырушылардың қатысуымен спортшыларға арналған шеберлік сабағымен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар