Алматыда апатқа ұшыраған көлік шина сататын дүкенге кіріп кете жаздады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Розыбақиев пен Жандосов көшелерінің қиылысында екі шетелдік маркалы көлік: Mercedes пен Toyota Mark II соқтығысты.

Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі оқиға орнынан.

 Апат салдарынан Toyota  машинасындағы екі адам ауыр жарақаттанды.

Әзірге олар жолаушылар ма, жоқ әлде біреуі жүргізуші ме, әзірге белгісіз.

Бұдан басқа да адамдардың ауруханаға жатқызылғанын полиция растады.


Апатқа кінәлілерді Алматы полициясы анықтайды.

Көргендердің айтуынша, Mark II Жандосов көшесімен батысқа қарай бағыт алған, ал Mercedes шығысқа қарай жүріп келе жатқан. Соңғысы Розыбақиев көшесіне бұрылған кезде Тойотамен соқтығысады.

  Қатты соққыдан Mark II тротуар арқылы ұшқан күйі шина сататын дүкенге кіріп кете жаздаған. 

Соңғы жаңалықтар