Алматыда Амалбек Тшановтың жүлдесіне арналған V халықаралық турнир өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуірдің 20-сы мен 24-і аралығында бокстан ҚСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген бапкері Амалбек Тшановтың жүлдесіне арналған V халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спорттық және ақпараттық ХАБ-тың таратқан мәліметіне сүйенсек, жарыс республикалық спорт колледжінің жеңіл атлетика манежінде өтеді. Турнирдің басты мақсаты боксты жастар арасында дамыту және оларды спорт шеберлігіне дайындау.

Турнирге тек спорт шеберлігіне үміткер 2000-2001 жылғы туған жас боксшылар ғана қатыса алады. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша 49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91 өзара мықтыны анықтайды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және бағалы сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар, «Турнирдін үздік боксшысы» және «Үздік төреші» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өтеді.

Соңғы жаңалықтар