Алматыда алғаш рет ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Экономикалық ықпалдастық және даму ұйымында тұңғыш рет ЭЫДҰ-ның Еуразиядағы апталығы өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат. 

«Биыл Алматыда Экономикалық ықпалдастық және даму ұйымының тариxында тұңғыш рет ЭЫДҰ-ның Еуразиядағы апталығы өтеді. Бұл Ұйым xатшылығы аумағынан тыс өткізіліп отырған алғашқы ірі көлемді шара болғалы отыр», - деп атап өтті ол министрліктің алқа отырысында.

Оның сөзінше, ЕДЫҰ стандарттарын енгізу және әріптестікті тереңдету үшін ЭДЫҰ ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша ұлттық жол картасы дайындалуда.

«Қазақстанның ЭДЫҰ инвестициялар бойынша комитетіндегі мәртебесін арттыру және ұйымның 13 құқықтық құралдарына қосылу бойынша жұмыстар жалғасын табады», - деді Т. Сүлейменов.

Айта кетейік, ЭДЫҰ стандарттарын еліміздің басым бағыттарына енгізу тапсырмасын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев берген болатын. Айта кетейік, Ұйымға әлемнің дамыған 30 мемлекеті мүшелік етеді. Олар тұрақты экономикалық дамуға арналған ұсыныстарды дайындап, жоғары стандарттарды енгізуге қолдау жасайды.

Соңғы жаңалықтар