Алматыда аквапаркте 5 жастағы бала жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аквапаркте 5 жастағы бала жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Аквапарктің заңгері Омаров Диас айтып берді.

«Иә, мұндай жағдай болды. Аквапарк ашылғалы бері мұндай жайт бірінші рет болып тұр. Қазір 5 жастағы Диастың анасымен сөйлесіп жатырмыз. Оның анасы баланы қазір емханаларға қаратып жатыр», - деді Диас Омаров.

Оның айтуынша, қазір аквапарк ішінде ішкі тексеру жүріп жатыр.

«Мамандар қазір бала құлап қалған ақаулы су сурғанақты тексеріп жатыр. Дәл қазір ешқандай ақпарат айта алмаймын. Бірақ, біздің аттракциондардың барлығы Испаиядан  әкелінген сапасы өте жоғары. Арнайы сертификаттары бар. Толық мәліметті тексеру біткен соң айта аламын», - деді Диас Омаров.

Айта кету керек, оқыс оқиға 17 маусымда болған еді. Бейбіткүл Амантаева өзінің 5 жастағы ұлымен бірге 5 метрлік сырғанақтан сырғып келе жатқанда, баланың аяғы қанға боялған. Анасының айтуынша, бұған судың таяздығы мен аттракциондағы ақау себеп болған.

Соңғы жаңалықтар