Алматыда Әділет департаментінің ғимараты қоршауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері Алматы қаласы Әділет департаментінің ғимаратын қоршауға алып, оқиға орнына шұғыл түрде төтенше жағдай қызметкерлері жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметі бұл жерде телефон арқылы жалған хабар берген адамды анықтау шарасы жүріп жатқанын мәлім етті.

"Полицияға Әділет департаменті ғимаратында жарылғыш зат бар екендігі жайлы ақпарат түсті. Дегенмен, бұл ақпарат расталмады. Қазір жалған ақпарат берген тұлғаны анықтау шарасы жүріп жатыр", - деді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Десе де, куәгерлер ғимарат жанында болып жатқан іс-шараны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісе бастаған. Таспада құқық қорғау қызеткерлері мен өрт сөндірушілердің жұмыс барысы бейнеленген.

Жолдас Өрісбаев

Соңғы жаңалықтар