Алматыда «Адидас» брэндінің киімдерін қолдан тігіп сатқандар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу ауданында спорттық аяқ киімдерді дайындайтын астыртын цех табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл цехте «Adidas», «Reebok» маркаларының аяқ киімдері қолдан тігіліп келген.

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тексеру қызметінің мамандары жедел тексеру нәтижесінде тігін станоктарын, контейнерлік желі тәркіледі. Сондай-ақ, дайын тұрған 1500 жұп аяқ киім, бренд этикеткалар, аяқ киімнің табандарын тәркіледі.

null 

Бұл цехте 40 жұмысшы жұмыс істеп келген.

Бизнесті ұйымдастырған адам өнімді «Айнабұлақ-2» шағын ауданындағы өзінің дүкенінде, Алматыдағы ірі базарларда сатқан.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 222-бабының 1-бөлімімен қозғалған қылмыстық іс сотқа бағытталды.

null 

Қалалық Мемлекеттік Кірістер департаменті азаматтарды чек бермеу, жалған акцизді таурларды сату бойынша кез-келген көлегейлі экономиканың көріністерін қалт жібермей барынша азаматтық белсенділік көрсетуге шақырады.

null 

Соңғы жаңалықтар