Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -23 °С
Алматы: -5 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Алматыда Әбілязовтың сыбайластары ұсталды

2017 жылғы 8 желтоқсан 02:31 1287
Поделиться:
Алматыда Әбілязовтың сыбайластары ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ведомствоаралық жедел тергеу тобы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері банкир Мұхтар Әбілязовтың сыбайластары болуы мүмкін деп күдік келтіріліп отырған 4 адамды ұстады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы хабарлады.

Алматыда 13 қараша күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ведомствоаралық жедел тергеу тобы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-шы (ұрлау) және 193-ші (заңдастыру) бабымен қарастырылған қылмыстық әрекеттерді жасады деген күдікпен И.Ерімбетов, В.Соколенко, Д.Пестов пен М.Зоров атты азаматтарды ұстады.

Аталған азаматтар мен олар басқаратын компаниялардың Әбілязовтың банктен ұрлаған 50 млн доллардан астам қаржысын заңдастыру ісіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Тергеушілер сондай-ақ И.Ерімбетовке өзінің бақылауындағы «SKY SERVISE» ЖШС-сы арқылы 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысын жымқырды деген күдік келтіріп отыр. Сондай-ақ Ерімбетов пен оның сыбайластары қазақстандық құқық қорғау органының өкілдерінен қашып, шетелде бой тасалап жүрген азаматтардың мүддесі үшін бірлесіп әрекет еткен.

Олардың бірі осы кезде Бельгияда жүрген Ерімбетовтың туған әпкесі - Ботагөз Джардемали. Ол Мұхтар Әбілязовтың кеңесшісі және қолдаушысы. Джардемалидің «БТА банк» тарапынан 500 млн АҚШ доллары көлеміндегі қайтарымсыз несие беру ісіне тікелей қатысы бар. 2013 жылы оған ҚР Қылмыстық кодексінің 28, 176 және 220 баптарында қарастырылған қылмыстық әрекеттерді (сеніп тапсырылған мүлікті ұйымдасқан қылмыстық топтың көмегімен ірі көлемде иемденіп алу немесе талан-таражға салу) іске асырды деген айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланған болатын.

ҚР ҚПК-нің 128 бабы бойынша Ерімбетов, Пестов, Соколенко және Зоров Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің тергеу изоляторына қамалды. Сот оларды қамауға алуға және мүліктеріне тоқтам салуға санкция берді.

«Тергеу қызметі Ерімбетов, Пестов, Соколенко мен Зоровтың білікті қорғау шараларымен қамтамасыз етіліп, қамауда болу талаптарының толық сақталғандығын ресми түрде жария етті. Процессуалдық нормаларды бұзу жөнінде шағымдар күдіктілерден де олардың қорғаушыларынан да түскен жоқ. Оларға ешқандай қысым көрсетілген жоқ және олар тергеу жұмыстарына белсенді көмек көрсетуде»,-делінген хабарламада.

«Жалпы қашқын қылмыскерлер М.Әбілязов пен Б.Джардемалидің туған-туыстары мен күдіктілерді және өздеріне бағынышты азаматтарды пайдалану арқылы тергеу шараларын әдейі бұрмалауы, оны саясиландыруға деген талпынысы олардың жауапкершіліктен жалтаруға деген кезекті ұмтылысы болып табылады»,-дейді Ұлттық бюро өкілдері.

 

 


Бөлісіңіз:

Аударма:

Айдар Оспаналиев

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат