Алматыда 9 жастағы оқушы ауланы қоқыстан тазартты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 9 жастағы оқушы ауланы қоқыстан тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бостандық ауданы Қазақфильм шағын ауданында орналасқан тұрғын үйдің маңы күл-қоқысқа толып қалған. Жоғарғы қабатта тұратын тұрғындар қоқыстарын арнайы орынға апармай, терезеден лақтыра берген.
null 

3-сынып оқушысы Давид Балтабаевтың мұндай игі іс істеуіне әкесі Елдар Әлімбаев мұрындық болған.

«Баламның бір пайдалы іс жасасам деген ниеті болды. Көшедегі әжелерге көмектестік, сөмкелерін көтерістік. Игі істі өз ауламызда жасауға да болатынын түсіндік. Айналадағы қоқыстан жағымсыз иістер шыға бастады, егеуқұйрықтар қаптай бастады. Аула тазаланбағанына шамамен 2 аптадай болды. Балам қоқыстарды арбаға тиеп, 200 метр жердегі қоқыс жәшігіне 2-3 рет тасыды. Қалғанына мен көмектестім. Әлеуметтік желіге салғандағы ойым осындай кішкентай мысалдар арқылы басқаларға да үлгі болсақ деген ниет болды», - деді Елдар Әлімбаев.
null 

Әкелі-балалы алматылықтар Әлеуметтік желіде #чистаяалмата хэштегін құрды. Олар қаланың тазалығына немқұрайды қарамауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар