Алматыда 800-ден астам жұмысшы қар күреуге шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түнге дейін толассыз қар жауған. Қала коммуналдық қызметтерінің хабарлауынша, қала ішінде қардың қалыңдығы 5 см, ал таулы аймақтарда 10 сантиметрге дейін жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Коммуналдық қызметтер қар жауа бастасымен-ақ жолдарға көктайғаққа қарсы материалдарды сеуіп отырды. Жалпы 176 тонна құм себілді. Жолдар мен жаяужолдардағы қарды күреп, сыпырып отырдық, ал қаланың жоғарғы жағындағы қарды тасып шығардық. 17 наурыз күні таңертеңгі 08:00-ге дейін 608 текше метр қар шығарылды», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Түнде 407 техника қолданылып, 290 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Күндіз 450 арнаулы техника, 820 жұмысшы қар күреуге шықты.

Қала әкімдігі мен аудандық әкімдіктерде қардың күрелуін бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар