Алматыда №70 бағдарға жаңа автобустар шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жұмыс сапары барысында қала әкімі Бауыржан Байбек №70 бағдарға шыққан жаңа автобустарды бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов қала әкіміне тұрғындардан көп арыз түскенін айтты.

Оның айтуынша, №70 бағдарға қызмет көрсеткен тасымалдаушы кәсіпорында автобус жетіспеген.

«Алматыэлектротранс» ЖШС қажетті көлік бірлігін бөлу туралы шешім қабылдады. Енді Еуро-5 стандартының төмен еденді, кондиционермен, пандуспен, бейнебақылаумен жабдықталған автобустар жолаушыларды тасымалдайтын болады.

«Аталмыш бағдарға  сұраныс жоғары. «Көкжиек» шағын ауданынан шығып қаланың ортасын кесіп өтіп, «Горный гигант» шағын ауданына барып тіреледі. Жаңа автобустер берілген соң жолаушылар ағыны одан ары артатынына сенімдімін», - деді М.Исахов.

Айта кету керек, Алматы қаласында қолға алынған қоғамдық көлік құрамын жаңарту жобасы бойынша №86, 65, 103, 50, 126, 112 бағдарларға жаңа автобустар шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар