Алматыда 64 ақылы автотұрақ ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ақылы автотұрақтардың қызметіне жауапты «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС ақылы жаңа нысандар ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғашқы нысан Желтоқсан көшесінде Қазыбек би көшесімен Төле би көшесіне дейінгі аралықта ашылған. Бұл жерде 20 орын бар. Екінші нысан, Наурызбай батыр көшесінде, нақтырақ айтқанда Қазбек би көшесімен Бөгенбай батыр көшесі аралығында. Ол жерде 44 көлікке орын бар. Барлық тұрақта ескерту тақтасы мен ереже белгілері бар. Ақылы тұрақ құны сағатына 100 теңге», - дейді компаниядан.
null 

«Алматы СпецТехПаркинг Сервис» компаниясы тұрақтарда бірыңғай автоматтандырылған төлем жүйесі жұмыс жасайтынын және ондағы қызметкерге ақша беруге тыйым салынатынын ескертеді.

Яғни, «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС ресми қызметкерлерінің қолма-қол ақша алуға құқығы жоқ.

Соңғы жаңалықтар