Алматыда 6 көшеге атау берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі Наурызбай және Бостандық аудандарындағы 6 көшеге атау беру туралы қаулы шығарды. Бұл құжат Электронды үкімет порталында жарияланған. 

Бостандық ауданы Алатау шағын ауданындағы  жобалық атауы «Квартал А 1» көшесі Тарлан деп ауыстырылуы мүмкін.

Ал Наурызбай ауданындағы 1-көшені  - Бақыт, 2-көшені - Қыран, 3-көшені - Бұланды, 4-көшені Самұрық  деп атау көзделген.

Қазір қаулы жобасы 29 қыркүйеккке дейін қоғамдық талқылауда жатыр.

Одан кейін «Алматының атауы жоқ көшелеріне атау беру» туралы қаулы Мәслихат шешімімен қабылданады да Әділет органдарында тіркеледі.

Соңғы жаңалықтар