Алматыда 40 жастағы ер адам көлік апатынан мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 40 жастағы ер адамды көлік қағып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Қайғылы жағдай Ә.Бөкейханов көшесінде Ангарская көшесіне жетпей болған. «Лада приора» көлігінің жүргізушісі 40 жастағы ер адамның өліміне себепкер болды.


Куәгерлердің айтуынша, ер адам көшені жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан 10-15 метр алшақтау жерден кесіп өтпек болған.

Соққыдан ер адам оқиға орнында жан тапсырды.

Соңғы жаңалықтар